Астанада және республиканың шекаралас облыстарында «ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық пысықтау шаралары жүргізілуде,-деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі astana.gov.kz-ке сілтеме бере отырып.
Жедел-алдын алу шарасы (ЖАШ) екі кезеңмен өткізілуде, бірінші кезең 10 сәуірде басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады.
Шараға құқық қорғау органдарының елеулі күштері тартылып отыр. ЖАШ өткізу шеңберінде ішкі істер органдарында профилактикалық тіркеуде тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі. Бұған қоса, тәртіп сақшылары жоспарлы негізде атыс қаруы мен аңшылық қаруының иелерін сақтау және қайта тіркеу ережелері бойынша тексеруде.
Елордалық оперативті штаб қала тұрғындары мен қонақтарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырады.
Оставить комментарий