Елімізге белгілі әнші Қайрат Түнтеков біршама уақыт үзілістен соң сахнаға қайта оралды, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.
"Super Star KZ" жобасының екінші маусымының жеңімпазы, "Новая волна-2013" қатысып, 4 орын жүлдегері, өзінің қоңыр да, жағымды дауысымен жалпы жұртшылыққа танымал әнші Қайрат Түнтеков Қазақстан эстрадасына қайта оралды. Бірнеше күн бұрын әнші Қазақстаннан кететіні жайлы мәлімдеген болатын. Мұндай шешім қабылдауына не түрткі болғаны белгісіз, алайда соңғы жылдары әншінің басында біршама мәсселелер болғаны анық.
Қайрат Түнтеков өзінің өмірін сценарий етіп алған жаңа "Ұшқан бағым" атты әнге бейнебаян түсіріп, халықтың назарына ұсынды. Бейнебаянды көрген әлеуметтік желі қолданушылары әншінің үлкен сахнаған қайта оралуымен құттықтап, түрліше пікір білдіруде. Олардың көпшілігі Қайраттың сахнаға оралғанына қуанып, оның дауысын сағынып қалғандығы жайында жазып жатыр. Әншінің бірнеше уақыт үзілістен кейін түсірілген бейнебаянын тамашалап, өз бағаларыңызды беріңіздер.
Оставить комментарий