Ғалымдар сперматозоидтың көмегімен қатерлі ісік ауруын емдеудің ерекше тәсілін ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170710014706264_small.jpg

Ғалымдар сперматозоидтардың көмегімен қатерлі ісік ауруын емдеудің ерекше тәсілін ойлап тапты деп хабарлайды Қамшы  ақпараттық агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасап. 

Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл әдісті әйел адамдарды емдеуге қолданады екен. Қатерлі ісікке қарсы бұл дәріні жасау кезінде  неміс ғалымдары  адамның сау жасушаларына зиян тигізбеуі үшін сперматозоидттарды пайдаланған. Сонымен бірге  препаратты  жасау барысында сперметозоидтардың ерекше қабілеттерін пайдаланғанын атап өтеді. Әзірге бұл тәжірибе ретінде тек зертханада ғана жасалған, бірақ зерттеушілер бұл емді әйел адамдарды емдеуде алдағы уақытта қолдануға болатынын мәлімдеді.

Зерттеушілер бұл препараттың қатерлі ісік жасушыларына әсер ететініне сенімді.  Десе де бұл препаратты қолданғаннан кейін иммундық жүйенің қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз болып отыр.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи