Ер адам көлігімен сауда үйіне кіріп кеткен (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710014800140_small.png

Белгісіз ер адам Мәскеудегі «Весна» сауда үйіне Ferrari маркалі көлікпен кіріп кеткен деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі qazpress-ке сілтеме жасап. Оқиға сауда үйінің жабылуына 10 минут қалғанда болған. Сондықтан ол уақытта сауда орталығында ешкім болмаған.

Күзетшінің айтуынша, жүргізуші сауда үйіне жүк тиеу алаңшасы арқылы кіріп кеткен. Қауіпсіздік қызметінің өкілі жүргізушіні тоқтатпақ болғанда жарақаттанып қалды. Видеодан оның құлағанын көресіз. Көлік жүргізушісін 20 минуттан кейін ғана ұстай алған. Ресми емес мәліметтерге сай, көлік тізгінінде Архангельсктің бұрынғы мэрі Александр Донский болған. Ол бұған дейін де пиар үшін түрлі әрекеттерге барған.

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи