Түркиядан тағы да тыныштық кетті

/uploads/thumbnail/20170710014751374_small.jpg

Түркияның оңтүстік шығысындағы Диярбакыр қаласының орталығында үлкен жарылыс болды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

DHA хабарлауынша жарылыс терроризмге қарсы күресетін полиция бөлімшесінің дәл жанында болған. Ғимараттың полиция бронитехникасын қайта жөндейтін шеберханасының күлі көкке ұшқан. Төрт адам жарақаттанған, зардап шеккен бір адамның жағдайы ауыр делінген хабарламада.

Жарылыс газ балонынан шығуы мүмкін. Полиция бұл жағдайдың терракт болуы мүмкін екендігін хабарлағанымен, әзірге нақты ақпарат таратылған жоқ.

Диярбакыр қаласы Түркиядағы күрдтер астанасы. Аймақта мемлекеттік статусы жоқ Күрдстан Жұмысшылар партиясына(КЖП) қарсы антитерорлық әрекеттер жүргізіліп жатқандықтан, бұл бағыттағы туризм жұмыстары тоқтатылған.

 

Аударған Ақниет Төленді

Оставить комментарий

Связанные Статьи