«Қазақстанның» ғана рейтингі өсті

/uploads/thumbnail/20170710014859719_small.jpg

2017 жылғы 1-тоқсан бойынша телеарналардың аудиториялық көрсеткіштерінің ресми есебіне сүйенетін болсақ, тек «Қазақстан» телеарнасы ғана орта тоқсандық үлестің нақты өскенін көрсетті. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ол 13%-ға өсті және бұл қазақстандық телеарналардың үздік бестігі арасында жалғыз ұлттық арна өз көрсетілімдерін өсіруде.

Телеарнада жаңартылған форматтағы «Таңшолпан» таңғы ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасы, «Басты ақпарат» жаңалықтар шығарылымы, «Басты тақырып» сараптамалық бағдарламасы, «Апта» және «Мәселе» атты ақпараттық-талдау сынды жобалары жақсы нәтиже көрсетті. Осылайша, рейтингті тек қазақ тілінде ғана ақпарат тарататын «Қазақстан» телеарнасы көш бастап тұр. Бұл ана тіліміздің ықпалы өскенінің, кең таралуының, қазақ тілді контентке сұраныс артқанының айқын белгісі. Ұлттық арнаның аудиториясының өсуі — мемлекеттік тілімізді мәртебесін іс жүзінде қолдау, үлес қосу болып табылады!

Оставить комментарий

Связанные Статьи