Жүкті деп ойлаған қыздың жағдайы шын мәнісінде өте ауыр еді (ФОТО) +18

/uploads/thumbnail/20170710015104955_small.jpg

Жарты жыл бұрын Мехикодағы аурухананың біріне 24 жастағы қыз келіп түсті. Дәрігерлер оны жүкті екен деп ойлаған. Алайда қыз ішінің үлкендігі жүктілікке байланысты емес екенін айтқан.

Қыздың іші өсе бастағанда ол толықтықтан деп ойлап, диетаға отырған, спортпен шұғылданған. Салмақ тастаса да ішінің көлемі өзгермеген. Керісінше ұлғая түскен. 

Дәрігер қызды ультра дыбысты тексеруден өткізген. Осыдан кейін бірден оны операцияға дайындады.

Белгілі болғандай, науқастың аналық безінде ісік пайда болған. Оны тез арада алып тастау қажет болды. Ісік қыздың ішкі ағза мүшелеріне зақым келтірген. Қыз ауруханаға түскенде жүре алмайтын дәрежеге жеткен.

Үлкен көлемдегі ісіктің ішінде зиянды сұйықтық жиналуы мүмкін еді. Сондықтан дәрігерлер оны түбімен алып тастаған.

Эрик Хэнсон Виана операция жасаған адам. Ол бұрын-соңды мұндай  ісікті көрмегенін айтады. Оның салмағы 32 келіге жеткені анықталды. Операция 5 сағатқа созылған. Содан бері жарты жыл өтті. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ол қалыпты өміріне қайта оралды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи