Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық жағдайын жақсартуға 6 млн. теңге бөлінді

/uploads/thumbnail/20170710021837099_small.jpg

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Әкімбаев хабарлады деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

 Мақсат Әшірбайұлының сөзіне сүйенсек, «2017 жылғы өрт қауіпті маусымында облыс аумағында табиғи  өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс шаралар жоспарын» бекіту туралы қаулы жобасы әзірленді аталған қаулыда орман және дала аумақтарын өрттен қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ орман және дала өрттерін жоюға облыстық ТЖ департаментінің, аудан әкімдерінің, темір жол және автокөлік жолдарына қызмет көрсететін ұйымдардың, орман шаруашылығы мен ауылшаруашылық  субъектілерінің  дайындық деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар айқындалды.

Орман қоры жерінде 452 құрылған 57 өрт сөндіретін топ және 126 жеке құрамы бар 14 мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жасақтары және 14 өрт сөндіру станциялары дайындыққа келтірілді.  Өрт сөндіру станциялары арнайы өрт сөндіру автомашиналарымен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілді.

Орман шаруашылығы мекемелерін материалдық жабдықтау жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы  УАЗ базасындағы 4 өрт сөндіру техникасын сатып алу үшін облыс әкімдігінен 56 млн. теңге бөлінді.  Қазіргі таңда өртке қауіпті кезеңде пайдалану үшін орман қоры аумағында  57 автотехника (УАЗ-469, УАЗ-Фермер, ГАЗ -53, Газ-66),  14 өрт сөндіру автокөлігі, 40 соқалы тракторлар, 3 тонналық тіркемелі 14 бірлік әмбебап цистерна, 92 аспалы өрт сөндіргіш және 596 шыртылдақ  дайындалды, - деді спикер.

          Орман қорына кіретін үлкен жол бойларында  36 өрт бақылау мұнаралары және 16 тексеру бекеттері қойылып, орман қорықшыларының кезекшілігі ұйымдастырылды және олар тұрақты және жылжымалы 87 рациямен қамтамасыз етілді (оның ішінде: 28-станционарлық,  28-автомобильдік және 31-қолда ұстайтын).

Ауылдық мекендерде 2368 адамнан құрылған  171 ерікті өрт сөндіруші құрылымдар ұйымдастырылды және олар өрт сөндіруге арналған 303 дана  тіркемелі тракторлар, 34 су тасығыш техникамен  және 228 бейімделген техникамен, 24 өрт мотопомпасымен  жабдықталды. Өрт  сөндіруге қажетті 78 аспалы өрт сөндіргіш  және  2753 дана қол асты өрт сөндіргіш құралдары дайындалды.

Сонымен бірге, өткен жылы ерікті өртке қарсы құрылымдарды жауынгерлік киіммен жабдықтау үшін  Байзақ ауданында 756 мың теңге,  Т.Рысқұлов ауданында 2 млн. 400 теңге, Меркі ауданында 2 млн. 800 мың, Сарысу ауданында 1 млн. теңге, Шу ауданында   1 млн. 245 мың теңге бөлінді, - деп хабарлады Мақсат Әкімбаев

Қордай ауданы Сортөбе ауылында 20 км. радиуста 47 мыңнан астам халқы бар  8 елді мекеннің өртке қарсы қорғыныспен қамтамасыз ететін өрт посты құрылды, оны ұстау үшін 2016 жылы 2 млн. 640 мың теңге, ал 2017 жылға 2 млн. 690 мың теңге бөлінді.

           «Облыс аумағында орманды және далалық өрттерді, сондай-ақ шалғай елді мекендердегі өрттерді сөндіру кезіндегі қарым-қатынас жасау» жоспарға сәйкес Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарын жұмылдыру тәртібі қарастырылып, «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығынан табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты бөлінетін күштер мен құралдар құрамы анықталды.

Жол қызметтерінің жұмыс жоспарларына сәйкес облыс аумағындағы 1056 шақырымды құрайтын республикалық жолдың 469 шақырым ұзындықта, 2258 шақырым қашықтықтағы облыстық мәні бар жолдың 582 шақырым  ұзындығында және темір жол бойында 840 шақырым ұзындықта екпе ағаштары бойында ені 4 метрден кем емес өртке қарсы жырту жұмысы жоспарланды, - деп сөзін қорытындылады Мақсат Әшірбайұлы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи