Табылды Досымовтың әндері желісі бойынша қойылымның премьерасы болады

/uploads/thumbnail/20170710022015413_small.jpg

Қазақтың бард әншісі Табылды Досымовтың әндерінің желісі бойынша «Махаббат аллеясы» атты (мюзикл) спектаклінің премьерасы болады деп хабарлайды Qamshy.kz

Тұңғыш рет өткелі отырған қойылым 2017 жылдың 21 сәуірінде 19.00-де Қазақконцерт залында өтеді. (Алматы қ. Абылай хан, 83. Әйтеке би к-сі қиылысы).

Қойылым барысында Табылды Досымовтың 14-тен астам әндері жанды дауыста орындалады. Және де әртүрлі тағдырлардың бастан кешкен махаббат хикаялары суреттеледі.

Спектаклді қоюшы «Aлматы-Music» театры. Театр жетекшісі, режиссері Т.Омаров. Музыкалық жетекші – А.Айдынұлы.

Кештің қадірлі қонағы болып Т.Досымовтың жанұясы келеді. Көз көрген достары мен ән сүйер ағайынды да кешке қатысады.

Қойылым басталмас бұрын қонақтарға тегін кофе-брейк әзірленген, сондай-ақ Табылдының сіз естімеген әндері ойналып, тосын сыйлар жасалады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи