2017 жылдың 15 сәуірінде ҚазҰУ алаңында бірінші рет «Nauryz-Fest» қалалық жастар фестивалі өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Іс-шара Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырылуда.
Фестивальдің басты мақсаты ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, қазақтың ұлттық спорт түрлері арқылы жастар ортасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және Қазақ елінің мәдениеті мен салт-дәстүрін, «Жасыл экономика» мен инновациялық технологияларды насихаттау болып табылады.
Фестивальға Алматы қаласының 20-дан аса университеттері мен ғылыми-өндірістік бірлестіктері қатыспақ.
Шара барысында концерттік бағдарлама мен қазақша спорттық ойындар бағдарламасы қарастырылған.
Оставить комментарий