Global Peace Index ұйымы әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер тізімін жариялады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
2009 жылдан бері әлемдік Экономикалық форум аясында Global Peace Index ұйымы туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз әрі қаржылық жағынан тиімді мемлекеттердің тізімін жасайды. Елдегі заңның орындалу күші, өнімдердің бағасы, қылмыстық көрсеткіш, ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық критерийлері бойынша 163 мемлекеттің тізімі жасалды.
Биыл тізімді Исландия бастап отыр. Екінші орында Дания, үштікті Австралия қорытындылады. Ең қауіпсіз ондықты әрі қарай Жаңа Зеландия, Португалия, Чехия, Швецария, Канада, Жапония, Словения жалғайды.
Қазақстан былтырғы көрсеткіштен 9 сатыға жоғарылап 75 орында тұр.
Көршілеріміз: Өзбекстан – 109, Қытай – 120, Қырғызстан – 124, Ресей – 151 орында.
Әлемдегі ең қауіпті он мемлекет: Пәкістан – 153, Ливия – 154, Судан – 155, Украина – 156, Орталық Африка Республикасы – 157, Йемен – 158, Сомали – 159, Ауғанстан – 160, Ирак – 161, Оңтүстік Судан – 162, Сирия – 163.
Ақниет Төленді
Оставить комментарий