Талдықорған қалалық соты 10 келі кәуап ұрлаған қылмыскерге қатысты іс қозғады, деп хабарлайды liter.kz. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Отырар» дәмханасына келген талдықорғандық әйел өзін ешкім бақылап тұрмағанына сенімді болған. Сонан соң 12 мың теңге көлемінде ақша, 10 келі кәуап, 80 шампура мен пышақтарды ұрлап алып кеткен.
Ұрланған заттардың жалпы бағасы 108 000 теңгені құрады. Сот отырысында арыз беруші тарап қылмыскер ұрлаған заттарының құнын өтеген жағдайда арызын қайтып алатындығын айтты.
Сот ҚР ҚК 68 бап 1 тармақ бойынша әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатуға үкім шығарды.
Оставить комментарий