Ресейлік полицейді соққыға жыққан қазақстандық әйел істі болды

/uploads/thumbnail/20170710023253362_small.jpg

Түмен облысында полицей қызметкеріне күш көрсеткен қылмыскердің үстінен іс қозғалды,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Аргументы и факты порталының хабарлауынша, 55 жастағы қазақстандық әйел әкімшілік құқықты бұзғаны үшін Қазан ауданына қарасты Ресей ІІМ бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға 2017 жылдың 10 сәуірінде болған.

Тыйым салынған дүниелердің бар-жоғын тексеру барысында күдікті әйел Ресей ІІМ тергеушісіне күш қолданып, билік өкілінің бетін жұдырығмен бірнеше мәрте соққан.

РФ Қылмыстық Кодексі 318-бабының 1-тармағы бойынша қазақстандық әйелге 200 мың рубль көлемінде айыппұл немесе 5 жылға дейін мәжбүлі еңбек жазасы, не болмаса 5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылуы мүмкін.

Іске қатысты тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи