Бибігүл Төлегенова Димашқа батасын берді

/uploads/thumbnail/20170710023412019_small.jpg

Өздерін Dears Dimash деп атайтын Димаштың жанкүйерлері сүйікті әншілеріне тосынсый жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Олар Бибігүл Төлегеноваға барып, Димашқа ертеңгі ақтық сынға сәттілік тілеп, жылы лебіз айтуын өтінген екен. Қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенова "Славян базары" байқауы кезінде-ақ Димашты байқап, оған бата бергенін ерекше атап өтті. Отандасы ретінде Димашты тек жоғары орыннан көргісі келетіндігін де жасырмады. Өкінішке қарай, Бибігүл ханым бүкіл ақжарма тілегін қазақ тілінде емес, орыс тілінде айтты. Қамшы ақпараттық агенттігі де өз кезегінде дарын иесі Димашқа сәттілік тілейді. Бірінші орын алғанын қаласақ та, бастысы аман-есен абырой-құрметпен елге оралғанын қалаймыз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи