Балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі тиісті жазасын алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710023426254_small.jpg

Арнайы комиссия барлық балабақшаларды аралап шықты, кінәлі табылып, жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қызылордадағы балабақшаларыдің бірінің әдіскері кішкентай балаға қол жұмсағаны үшін жұмысынан қуылды. Видео жазбадан күдіктіні анықтау полицей қызметкерлері үшін қиын болған жоқ, ол үшін арнайы комиссия мектепке дейінгі даярлық орталықтарының бәрін аралап шықты.

Төтенше оқиға «Бибі Ажар» балабақшасында орын алған. Әлеуметтік желіде таралған видео халықтың ашуын келтіріп, ызалы пікірлерді жарыса жазып жатты.

«Комиссия барлық балабақшаларды аралап, оқиға болған орынды анықтады. Нәтижесінде, мекеменің әдіскері Нұрғалиева жұмыстан қуылды. Жекеменшік мекеме болғандықтан қызметкерлерді басшылықытң өзі жұмысқа алады. Білім бөлімі балабақша басшылығы мен қызметкерлеріне жаза қолдану үшін Қызылорданың әкімдігіне ұсыныс тастады», деп хабарлады облыстық білім басшылығының баспасөз-қызметі.

Қызылорда облыстық ІІД қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр. Балаларға қол көтерген басқа да тәрбиешілердің бар-жоғын анықтауда.

Инстаграм қолданушысы elmira_eshniyazova өз парақшасында тәрбиешінің балаға қол көтеріп, дөрекілік танытқан видеосын жариялаған еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи