Криштиану Роналду өзіне Der Spiegel журналының «қыз зорлады» деп таққан айыбын жоққа шығарды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Немістің Der Spiegel журналы футболист 2010 жылы «қыз зорлаған» және осы ісін ақшамен жапқан деп айыптаған болатын. Өз кезегінде Роналду агенті Жорже Мендештің ресми сайтында бұл айыпқа жауап берді.
Спортшы бұл ақпаратты «журналистік фантазияның көрінісі» деп атады. Өзінің айып тағып отырған қызды танымайтынын, ақпарат берген адвокаттардың өзіне қатысы жоқтығын және дәйек ретінде жарияланған хатты көрмегендігін мәлімдеді. Сонымен қоса, «жәбірленуші» қыздың өз атын жарияламағандығы мен бұл айыпты растаудан бас тартып отырғандығын өз сөзінің дұрыстығына дәлел ретінде келтірді.
Басылымның хабарлауынша бұл оқиға 2009 жылдың 13 маусым күні болған. Португалдық шабуылшы отбасымен Лас-Вегасқа демалуға барған. Роналду «зорлаған» қыз 20 жасар Америка азаматы. Бұл істі жабу үшін 2010 жылдың 12 қаңтарында спортшының адвокаты қызға 375 мың АҚШ долларын табыстаған.
Оставить комментарий