14 сәуірде Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, көшпелі отырыс өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі parlam.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Сенаторлар бірінші кезекте Ақмола облысы бойынша Целиноград аудандық Халыққа қызмет көрсету департаментінің №1 аудандық бөлімінде болды. Одан кейін Астана қаласындағы жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық тексеру департаментінің директоры Е.Ташпенбетов осы мекеменің жұмысымен депутаттарды таныстырды. Сенат депутаттары Астана қалалық «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының қарсы және бэк-кеңселерінде болды. Оның жұмысымен осы дирекцияның директоры Б.Жүнісов хабардар етті.
Көшпелі отырыс кезінде Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев есеп беретін Үкіметті қалыптастыру аясында «бір терезе» қағидасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетулер саласындағ ы«Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы қызметінің маңызы зор екенін атап өтті. Шара барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, ұлттық экономика министрінің орынбасары А.Жұмағұлов және «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Оспанов ұйымның келешегі мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Сенат комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев отырысты қорытындылады. Ол корпорация қызметінің тиімді жақтарын атап өтіп, түрлі анықтамалар мен құжаттар алу бағытында әкімшілік кедергілер мен мерзімін қысқартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. «Мемлекет қоғам үшін ашық болуы және орталық мемлекеттік органдардың статистика деректеріне онлайн алу, еліміздің әрбір азаматының бірыңғай қаржы есебіне, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау нәтижелеріне қол жеткізу үшін дами беру керек», - деді А.Бейсенбаев.
Сенатор сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызды мәселелеріне тоқталды. Онда бұл құжаттың Қазақстан Президентінің реформаларының заңды жалғасы екені айтылды. А.Бейсенбаев Мемлекет басшысының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады», - деген дәйексөзінің маңызына назар аударды.
Оставить комментарий