7 мамырда өтетін әскери парадқа қызу дайындық жүріп жатыр

/uploads/thumbnail/20170710024323277_small.JPG

Астанада 7 мамыр күні әскери парадқа қатысатын парадтық есептоптар мен әскери техниканың жаттығуы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери парад Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған. Әскерилер күн сайын дайындықтарын пысықтап жатыр, жаттығулары да күн сайын өткізіледі. Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашықта тұрып жатыр. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету де жүріп жатыр.

Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен өрістетілді. Астанада өтетін парадқа бір айдан аз уақыт алды.

Тартылатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алдағы өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі алаңда әскери-техникалық мектептердің автомобильді техникасында жүріп өтетін Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлерінің, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасының қатысуы болып табылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи