8 жасар Якутиялық Нарьяна есімді қыз болашақта сән агенттіктері онымен бірге келіссөз жүргізу үшін таласатынын тіпті ойламаған, бұлай болады деп оның ата-анасы да ойламаған. Бүгінде фотографтар арасында кішкене қыздың сұранысқа ие болу себебі: сырт келбетінің ерекшелігі, ол альбинос болып туылған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нарьянаның туыстарының барлығының сырт келбеті Якутия халықтарына тән қой көзді, қара шашты болып келеді. Осы орайда, қыздың ерекше келбеті олар үшін тағдырдың берген сыйы мен белгісі ретінде қабылданды.
Жирен шашты балаларға қатысты күннің балалары деген теңеу қолданылса, Нарьянаға қатысты айдың қызы деп айтуға әбден болатын секілді.
Аппақ тері мен шаш, түссіз көздер оны басқа балалардан ерекшелеп тұрады. Жақындары оны «Ақшақар қыз» деп атап кеткен.
Қыздың ата-анасы оған кәсіби түрде сән агенттіктерімен келіссөз жүргізуге әлі ерте екенін айтады. Балалық шағына балта шауып, оны көп қызықтан айырып, сабағына кедергі келтіруге қарсы екендерін айтып, қыздарының болашақта сәнбикелікке бару-бармауын өзі шешетінін жеткізді.
.
Владимир Руфов есімді фотограф қыздың фотоға түсуге бейімділігіне, талантына, әртістік қабілетіне таңдай қағатынын айтады.
Алайда, Нарьяна жарыққа қатты сезімтал. Сондықтан кадр жасауда біраз қиындықтар болатынын да жасырмайды.
Оставить комментарий