АҚШ-тың Арканзас штатында 4 жасар қыз автобустан құлап кеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі WBRC телеарнасына сілтеме жасап. Қыз тірі қалды.
4 жастағы қыз қоғамдық көліктен құлап кеткенін автобус жүргізушісі байқамай, ары қарай жүре берген. Басқа көлік жүргізушісі қыздың құлағанын көріп, көмекке келді.
«Мен қызға жүгіріп барғанда ол есін жоғалтып алған екен. Өзіне келгеннен кейін ол анасын шақырып, жылады. Қыздың мұндай жағдайына қарау маған ауыр болды» дейді жүргізуші.
Ол бірден жедел жәрдем шақырып, бірге ауруханаға барған.
Қыздың жақ сүйегі сынған екен. Оны операцияға дайындап жатыр.
Оставить комментарий