Димаштың Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170710035933089_small.jpg

Димаш Құдайберген Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында жазды. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ертең яғни, 25-ші сәуірде Астана қаласына келеді.

«Достарым, ертең Астананың Орталық концерт залында сағат 18.30-да Қытайдағы I am a singer жобасынан үлкен жеңіспен келе жатқан  Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Кіру тегін. Барлықтарыңызды шақырамын. Келіңіздер, достар! Димашты бірге қарсы алайық» деп жазды министр.

 

Айта кетейік, Димаш I am a singer жобасына қатысып екінші орынды иеленді. Жарты жыл уақытын Қытайда өткізген отандық әншінің келісім шарты аяқталып елге оралмақшы. Әншінің келесі жоспарлары жөнінде алдағы уақытта білетін боламыз. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи