Алматы метросында бомба табылмады. Бұл туралы прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев хабарлады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.
"Мәскеу бекетін саперлер кинолагпен тексеріп шықты. ТЖ мәліметінше, 520 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арлан қызметкерлері Райымбек бекетін тексерді. Жібек жолы, Сайран бекеттерінде де тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда күдік тудыратын ешқандай зат табылмады" деді Жандос Өмірәлиев.
Прокуратура қызметкерлері метроның барлық бекеттерінде тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, белгісіз біреулер метроға бомба қойылғанын хабарлаған. Осыдан кейін адамдарды эвакуациялап, метроны қоршауға алды.
Оставить комментарий