Путин жайлы мультфильм ғаламторды дүрліктірді (ВИДЕО 18+)

/uploads/thumbnail/20170710042706004_small.jpg

Ғаламторда РФ басшысы Путин мырза жайлы сұмдық мультфильм пайда болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Соңғы кезде көрші мемлекеттегі жағдай, әлеуметтік, психологиялық ауа-райы жақсы емес екендігін білеміз. Ресейліктердің арасында Путиннің тақта отыруына наразылық танытып жүргендер баршылық. Жақында ғана «Надоел» деген акцияның ұйымдастырылуы да соның айғағы.

Алғашында фейсбукте таралған мына видео бүгінде бүкіл ғаламторға таралып үлгерді. Біздегі бар ақпарат бойынша оны бірнеше күннің ішінде 152 000 көріп үлгерген. Ересектерге арналған мультфильмнің негізгі кейіпкерлері РФ президенті Владимир Путин мен әйел образындағы Ресей мемлекеті. «Үлкен және кішкентай» деп аталатын бұл видео 1999 жылы билік басына келген Путинді сынауды мақсат тұтқан. Видео авторлары Путинді халықтың қанаушысы, Ресейді зорлаушы азамат ретінде көрсеткен. Сексуалды характердегі аталмыш дүние адамды жиіркендірмей қоймайды, айтпағымыз, идея авторы алдарына қойған мақсатқа жеткен. Мультфильмді көргендер Путинді жақтаушылар мен сынаушылар болып қақ бөлінді. Астындағы пікірлерді оқи отырып, көршілеріміздің бір өзгеріс қалап жүргендерін байқауға болады.

Связанные Статьи