Жасанды жатыр-өмірді сақтау жүйесінің басты мақсаты-ұрықтың өкпе жолдарының дұрыс жетілуін қамтамасыз ету. Ғалымдар жасанды жатырды жетілмей қалған, күні жетпей шала туылған балалардың өмірін қалыпта ұстау мақсатында ойлап тапқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл жүйе тестілеуден өтіп, қозыларға жасалған тәжірибе негізінде пайдалы екендігі дәлелденді. Адамдарға тәжірибе жүргізу екі-үш жылдан кейін жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Статистикаға сүйенсек, 23 аптадан кем мерзімде дүниеге келген шала сәбилердің өміршеңдігі 15% құрайды екен.
Пластикалық «жатыр-сөмке» жылы су мен тұздан тұрады. Табиғи жағдайдағы эмбрионға қажетті нәрселермен қамтамасыз етілген. Стандартты инкубаторларда шала туылған балалар көп жағдайда шетінеп кетіп жатады. Оның себебі - өкпеге түскен инфекцияның кесірі.
Бұл «жатыр-сөмке» салынған қозы оттегімен плацента арқылы тыныс ала алмайды. Алайда, осы нәрселерді ұрыққа жеткізу процесін жүзеге асыратын арнайы аппарат бар. Басты мақсат- әлсіз организмнің өкпе, бронх жолдарының жетілуін қамтамасыз ету.