Қытай мен Ресей АҚШ-тың Солтүстік Корея түбегіндегі әскери қимылдарынан қорқады

/uploads/thumbnail/20170710042913100_small.jpg

Қытай мен Ресей АҚШ-тың Солтүстік Корея айналасындағы дағдарысты пайдалана отырып, әлемдік антизымырандық қорғаныс жүйесін құруынан қауіптенеді.

Өткен сәрсенбіде,Мәскеу қаласында АҚШ-тық антизымырандық қорғаныс тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Ресей  мен  Қытайдың  жоғарышенді әскери қызметкерлері:Ресейдің оперативті басқару бас штабы бастығының орынбасары Виктор Познихир мен Қытай орталық әскери кеңесінің негізгі  оперативті біріккен штабы бастығының орынбасары Цай Цзюнь қатысты.

Бұл шыныменде жоғары деңгейдегі кездесу болып өтті.Негізгі оперативті басқару бөлімі  әскери операцияны жоспарлауға және жауап беруге,қауіп-қатерді бағалауға, сонымен бірге бағалау ел билігінің қолына түсетін болатындықтан  кез-келген бас штабта маңызды болып саналады.

Ресей тарапы «Еуропа позициялық аймақтарынан» қауіп-қатердің барлығын, сонымен қатар антизымырандық қорғанысқа көп жыл болғанын  және бұған Мәскеудің дәлелі анық екендігін айтты.

Сонымен бірге басштаб  «Иджис»  антизымырандық қорғаныс жүйесіне кіретін   SM-3 Block IIA жол кесуші ұшағының құрастырылуынан қауіптенеді.АҚШ  Ресейдің құрлықаралық балистикалық зымырандарына тосқауыл бола алады, ал теңіз және құрлық кешендерінің іске қосылған зымырандық  контейнерлері болса «Тамгавк» зымырандарын  жасырын  зарядтауға  қауқарлы.

Виктор Познихир өз баяндамасының  мазмұнын анимациялық презентация жүзінде баяндап көрсетті. Қытайдың  Корей  түбегіндегі   антизымырандық  қорғаныс жүйесіне  наразылығы  баяғыдан-ақ  белгілі.  Біріншісі 2013 жылы орын  алса, оны өрістету жөніндегі шешім үш жылдан соң қабылданды. Бейжің  бұл  шешімге  бірден қарсылық  білдірді.

Сол   күні   жиында    жиында  Қытай  өкілі  Корей түбегіндегі  антизымырандық  қорғаныстың  қауіптілігімен Америкалықтардың  Оңтүстік  Кореядағы  Сонджу провинциясыда  THAAD-ны  дамытуды  қолға  алуы, яғни КХДР-ның  балистикалық зымырандарды  ұшыру сынақтары америкалықтардың  бұл үдерісті жылдамдатуына  себеп  болды.

Қытай  неден  қорқады?

Цай  Цзюнь  өз  мәлімдемесінде  2  мәселені  алға  тартты.

Біріншіден, Қытайдың  қауіптенетіні  антиракеталық  жүйені  орнату  дағдарыстың  өршуіне себепші  болады  дейді.

Оның  сөзіне  қарағанда, антизымырандық  жүйе  қорғаныс құралы  болып  табылады, алайда  КХДР-ның жағдайында АҚШ әскері үшін бұл басып кіруге болатын бірден бір күшке айналуы әбден мүмкін.

Екіншіден, қытай  әскер  басшысы Америкалықтардың  зымырандарды  Сонджуға  орналастыруы, тіпті Қытайдың құрлық және теңіз зымыран сынақтарын  солтүстік-шығыс аймақтарда және Бохайвань шығанағында бақылай алатынын мәлімдеді.

Ол слайд арқылы картамен көрсете отырып,олар радармен  тек  Қытай территориясын ғана емес сонымен бірге Моңғолия мен Ресей жерінің бір  бөлігін бақылауы мүмкін екенін ашып айтты.

Қортындылай келе, КХДР-ға қарсы антизымырандық қорғаныс, Бейжіңнің қауіптенуі АҚШ-тың бұл аймақтағы біржақты әскери басымдылығына алып  келеді.

Связанные Статьи