Жамбыл облысында ұрлықтың алдын алу мақсатында Бас прокуратураның, Ішкі істер және ауыл шаруашылығы министрліктері қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық тобы жұмыс жасауда. Топ үстіміздегі жылдың 27 наурызында Бас прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен өткен Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің ұсынысы негізінде құрылған.
Жұмыс тобымен облыс активі, автотұрақтардың, базарлардың, күзет ұйымдарының иелерімен және ҚАЖД-нің жеке құрамымен кездесулер өткізілді. Алдын алу жұмыстарымен 10 ауданның 6-ы қамтылды.
«Скотокрад» Жедел алдын алу шарасының нәтижесінде 246 бас ауылшаруашылық жануарларын құжатсыз тасымалдаған 30 автокөлік ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері аудан фермерлеріне, ветеринарлық ұйымдарға және әкімдіктерге ветеринарлық заңнаманың ауылшаруашылық малдарын бірегейлендіру туралы бөлігінің талаптары түсіндірілді. Соңғылары Ақтоғай ауылдық округте 99 ірі қара және 1 1195 ұсақ малдарды сырғалау жүргізді.
Топ мүшелері мал базарларында көптеген заң бұзушылықтар анықтады, соның ішінде елді мекендерде заңсыз орналасуы бойынша.
Облыс бойынша мемлекеттік органдармен бірге ұрлыққа қарсы профилактикасы бойынша Жол картасы іске асырылуда. Сонымен қатар шетелдік тәжірибе қолданыс үстінде. Қылмыстық және әкімшілік кодекстеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірленді.
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 80 мекен-жайда орналасқан «Генералдар аллеясында» ағымдағы жылдың 1 мамырында күзет мекемелерінің қауіпсіздік жүйелерінің көрмесінің өткізілуі жоспарлануда. Аталған іс-шара пәтер ұрлықтарын төмендету мақсатында жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша ұрлықтың 15,5% (2793-ден 2361-ге) төмендеуі байқалады, соның ішінде мал ұрлауы 33,5% (245-ден 163-ке), ұялы телефондар 13% ( 911-ден 793-ке), пәтер ұрлығы 24,6% (622-ден 469-ға), қоғамдық орындарда 0,4% (886-ден 882-ге).
Сонымен қатар бұл бағытта жұмыс әлі де жоқ емес. Аумақта қалта ұрлығы жоғары деңгейде қалып отыр, оның көбісі қоғамдық көліктерде орын алған.
Топ өзінің жұмысын Жамбыл облысында ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін жалғастырады. Ұрлыққа қарсы профилактикасы бойынша туындаған сұрақтар және ұсыныстар бойынша облысы прокуратурасына 8 (7262) 45-15-01 және IIД 8 (7262) 43-06-78 телефондары бойынша хабарласуға болады.