Шахтинск қаласының дәрігерлері сенбілік кезінде адамның қаңқасын тапқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпараттың сенбілік туралы жаңалықтарына сүйеніп хабарлайды.
Адам сүйектерін Шахтинскінің Орталық ауруханасының қызметкерлері жұмысы тоқтап тұрған емдеу-сауықтыру мекемесінің жанынан тапқан.
Шахтинск полиция бөлімінің басшысы Думан Қожахметовтың айтуынша, сүйегі ғана қалған мәйіттің табылуына қатысты тергеу жүргізілуде.
«Факті бойынша тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті Думан Қожахметов.
Қаңқаның жанында сондай-ақ, ауруханада емделіп шыққандығы туралы құжаттар мен рентгендік сурет жатқан. Құжаттарға сүйенсек, табылған өлік Шахтинск қаласының тұрғыны, 1975 жылы туған ер адамдікі.
Оставить комментарий