Ақберен Елгезек. Елестетуден қорқам

/uploads/thumbnail/20170708154632121_small.jpg

Мен бір нәрсені елестетуден қорқам.

Екі қазақ сыраханада отырып былай деп отырса: есіңде ме, тәуелсіз кезімізде бүйтуші едік қой, сөйтуші едік қой! Енді мына әкеңнің аққұлақтары барымызды тартып алды. Әнеукүні біреуі бір қазақты калбит, поганный калбит деп есік алдынан қуып жатқанда, бірде бір қазақ ара түсуге жарамады ғой. Мен де қорықтым... Ал, баяғыда қалай еді, шіркін! Қайда барам демейсің, аш болсақ та, үйсіз-күйсіз жүрсек те еркін едік қой...

Бұл фобия екенін білем. Алайда, фобияны анықтап ап, онымен күресу керек. Сонда жөнделеді бәрі. Тек бұл фобиямыз іс жүзінде орындалмасын деп тілеймін Алладан!

(Facebook-тегі парақшасынан)

Оставить комментарий

Связанные Статьи