Балалар үйіндегі сұмдық жағдайды журналист елге жария етті (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710063302870_small.jpg

Ана махаббатының  болашақ ұрпағы үшін маңыздылығын есептеп өлшеу мүмкін емес.  Жабайы табиғатта да ересектер қарауынсыз, махаббатынсыз  қалған жануарлар балалары  әрдайым құрдымға кетеді.

Сол сияқты бізде де, адамдар арасында, жетімдердің тіршілігі өте ауыр. Теория жүзінде ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды түрлі қамқорлық үйлері  бағып-қағады. Бірақ дәл осы балалар үйі мен баспаналар қандай сұмдықтарды жасыратынын біріміз білсек, енді біріміз білмей жатамыз.  Қамшы ақпараттық агенттігі осындай баспаналардың біріндегі жағдайдың шынайы көрінісін көрсететін кадрларды ұсынады.

Бұл Белоруссиядағы балалар үйі. Азып-тозған балалар денесін көргенде адамдар жағасын ұстады. Көрермен көз не ойларын да білмей қалды.

Кейбіреулер бұл балаларды неміс лагерінің тұтқындары мен құрбандарына теңеуде. Шын мәнінде суреттерді бірінші рет көрген адам солай ойлап қалатын сияқты.

Жергілікті дәрігерлер бұл балаларға барын жасауда. Осы суреттерді түсірген репортер бұл балалар баспанасына жасырынып бармаған, керісінше баспана қызметкерлерінің өздері бұл көріністі көпке жария еткілері келген.

Бұл балалар үйінде түрлі психофизикалық ауруларға шалдыққан мүгедек балалар тұрады. Денсаулығында проблемасы жоқ бала мүлдем жоқ, бәрі де ауру-сырқау. Көпшілігі ДЦП, сананың жетілмеуі сияқты туа біткен ауруларға шалдыққан.

Мұндай балалардың ата-аналары бала туылғаннан кейін олардан бірден бас тартады. Бұл ауру балалардың көпшілігі жүре алмайды. Өздерінің қысқа ғұмырларын жатумен өткізеді. Балалар үйінің қызметкерлері өз жұмыстарын дұрыс атқармайды деп айта алмаймыз. Барынша тырысып бағып-қағады, алайда бұл баспанадағы басты проблема- балаларға арналған арнайы астың жоқтығы.

Сау баланың күнделікті жей алатын тағамы бұл балаларға жарамайды. Себебі олар күні бойы тек жататын болған соң тамақ қорытылмай қалады. Арнайы мамандандырылған балалар үйлеріне құнарлылығы жоғары емдік тағамдар қажет. Әр баланың ұстануға тиісті диатасы бар. Оны өлшейтін арнайы құрал да қажет. Әрине, мұның бәріне қаражай жоқ.

Балалар үйінің қызметкерлері көмек сұрап, БАҚ өкілдеріне жүгінген. Осы орайда шенеуніктер балаларды  арнайы аспен қамтамасыз ететініне сендірген. 

 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи