Қытайдың Цзянцзинь қаласында ит тірілей көмілген сәбиді құтқарып қалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Сегодня-ға сілтеме жасап.
Ит иесінің айтуынша, ол жерден әлденені иіскелеп, қаза бастаған. Қазылған шұңқырға жақындағанда ақ матаға оралған жылап жатқан шарананы көреді.
Құтқарылған баланың дүниеге келгеніне небәрі бір ай ғана болған. Сәбидің температурасы төмен түсіп кеткен және жүрек соғысы баяулаған. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Сәби сауығып келеді.
Полиция баланың жақындарын іздестіріп жатыр. Бала шетінеп кетті деп ойлап, қателікпен тірілей көмілген деген болжам бар.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет