22 жастағы американдық әкери қыздың қызметте жүргенде тосыннан түсірілген суреті үздік әскери сурет қатарынан орын алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Суреттің оқиғасы қайғылы және де ерлікпен пара-пар. Бұл сурет Ауғанстанда 2013 жылдың 2 шілдесінде түсірілген. Суреттегі 22 жастағы арнайы маман иесі, 55-ші дыбыс ротасының әскері Хильда Клейтон.
Клейтон және төрт жауынгер Ауған Ұлттық армиясында ату жаттығулары кезінде байқаусызда жарылыстан қаза тапқан және ату жаттығулары Америка Құрама Штатымен бірге өткен. Жарылыс кезінде түскен сурет өз қалпында сақталып қалған және басқа бұрыштардан да Ауған жауынгерінің қаза тапқан суреті де түсірілген. Хильда Клейтон Ауғанстанның шығысындағы Гамбери кавалериялық дивизиясынан 4-ші бригадалық командасына қосылған болатын.
Америкалық журнал 4 жылдан кейін ғана қайтыс болған қыздың отбасынан рұқсат алып жариялаған. Қайтыс болған Хильда Клейтон батыл әйел екенін өз ерлігімен көрсетіп кетті.
55 дыбыс ротасында ерлік көрсеткен Америка әскерлерінің және Хильда Клейтонның суретін еске алу рәсіміне қойды . 2016 жылдың 16 шілдесінде Хильда Клейтонның есімі Батырлардың Даңқ Залына қойылған.
Сондай-ақ Хильда Клейтонның суреті COMCAM байқауында үздік әскер суретін иеленді.
Оставить комментарий