Nokia-ның жаңартылған нұсқасының бәрін ресейліктер 2 күн ішінде сатып алған

/uploads/thumbnail/20170710072301056_small.jpg

Nokia 3310 телефонының жаңартылған нұсқасының бәрін дерлік ресейліктер екі күн ішінде сатып алған. Кезінде танымал болған «кірпіш» телефондар өз мәртебесін жоғалтпаған екен. Бүгінгі таңда бір де бір дүкен желісінде аталмыш телефондар қалмаған, деп хабарлайды Ресейдің жергілікті агенттігі.

Кейбір дүкендерде бірен-сараны қалған болуы керек, алайда олар да жақын арада таусылатын түрі бар.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Мәскеуде Nokia телефондарының таныстрылымы өткен. Көрсетілімде 3310 маркалы Nokia көпшілікке жаңа түрімен таныстырылды. Бұл іспен HMD Global компаниясы айналысқан.

Шолушы: Гүлім Жақан 

Оставить комментарий

Связанные Статьи