Екі қыздың біреуі Өскемен қаласында, ал екіншісі қала сыртындағы ауылдардың біріндеге мектепте оқиды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын екі бойжеткен қатты дене қызуы мен әлсіздіктің салдарынан ауруханаға келген. Сараптама қорытындысынан кейін екеуінің де диагнозы белгілі болды. Екі мектеп оқушысы да өте қауіпті әрі жұқпалы ауруға шалдыққан. Қазіргі таңда екеуі де қарқынды терапия курсын қабылдауда.
СПИД-ке қарсы облыстық профилактикалық орталықтың мәлімдеуінше, бұл ауруға шалдыққан адамдардың 34-і кәмелет жасына толмағандар. Оның 27-і ішкі жатырына инфекция түсуінің салдарынан болса, 7-і жыныстық қатынастың кесірінен ауыр дертке шалдыққандар.
Аударған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий