АҚШ мұсылманы өзіне шошқаның етімен сатылған пицца үшін 100 миллион доллар талап етуде

/uploads/thumbnail/20170710085218027_small.jpg

АҚШ-та мұсылман жігіт  өзіне шошқа етімен сатылған пицца үшін пиццерия компаниясымен соттасып жатыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Ол өзінің ескертулеріне қарамастан оған шұжық пен шошқа етімен пиццаның екі рет сатылғанын айтқан. Осы орайда ол өтемақы ретінде 100 миллионов доллар талап етіп отыр.

Мичиган штаты Дирборн қаласының тұрғыны Мохаммад Баззи  Little Caesars желісінен пиццаға екі рет тапсырыс берген. 20 наурызда ол «халал» деп көрсетілген пиццаны сатып алған. Жұбайы екеуі пиццаға шошқа еті қосылғандығын кейін білген.  Баззи бұрындары өзі де пицца жасаумен айналысқандықтан пепперони  (шұжыққа ұқсас) дәмімен жасалған пиццаның қандай еттен жасалғандығын айыра аламын дейді. Шошқа етімен жасалған пепперонни екенін дәмін татқан соң бірден түсіндік дейді ол. Осыған наразы болған ол полицияға арызданған.

«Халал шошқаның еті деген нәрсе жоқ. Шошқа еті исламда тыйым салынған» деді ерлі зайыптылардың қорғаушысы шетелдік басылымдардың біріндегі сұхбатында. 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Связанные Статьи