Қазақстанның бірқатар облыстарында алдағы күндері үсік жүреді

/uploads/thumbnail/20170710090819494_small.jpg

Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады және үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, 30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында  қатты жаңбыр жауады. "Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген хабарламада.  Ал 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Астана қаласы: 30 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи