Қазақтың белгілі әншісі, әйгілі "Жігіттер" квартетінің солисті Айдар Тұрғанбек өзінің жеке бейнебаянын түсірді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бейнебаян ораза айына байланысты түсірілген. Әннің мәтініне назар аударсақ, дүйім жұртты ораза ұстауға, мұсылманға тән құлшылықты орындауға, шариғатқа сай өмір сүруге шақырады. Елдің сүйікті әншілері осындай тақырыптарда ән шырқаса, тыңдарманы сол әннен тәрбие алмай қоймайды. Бұл әннің де бояуы кетпес деп ойлаймын.