Анасын сабаған ер адамнан арашалап қалмақ болған баланың әрекеті жүректі елжіретті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710093300979_small.png

Сауда орталықтардың бірінде белгісіз ер адам әйелді сабап жатқандағы видео әлеуметтік желіге тарады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Айналадағы адамдар соққыға жығылған әйелді көргенімен, көрмегендей болып өтіп бара жатқанын видеодан байқауға болады. Алайда болған оқиғаның дәл жанында кішкентай бала барлығын бақылап тұрды. Бастапқыда кішкене бала араша түспекші болады, бірақ көмектесе алмады.

Бұл оқиғаның қай елде орын алғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда желі қолданушылары ер адамның бұл сорақылығына ашуланып отыр. Кейбір адамдардың пікірінше бұл Қытай елінде болған екен. Бірақ қай ел, қай ұлт болмасын әйел адамды бұлай қорлауға ешкімнің де хақысы жоқ.

Шолушы: Әсел Өтешова

Связанные Статьи