Балалар банкін құрған 7 жасар бизнесмен

/uploads/thumbnail/20190516094632366_small.jpg

Барлық балалар өскенде бай және атақты болуды армандайды. Бірақ арманын кішкентай кезінде жүзеге асыра бастайтындары аз. Хосе Адольфо Квисокала Костори – бала кезінен өз бизнесін бастаған перуандық бала деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Адольфо Квисокала Костори Бала 7 жасында Перуде алғашқы балалар банкін құрды. Ал бүгін, Хосе – 13 жаста. Оның Bartselana Bank компаниясы қаржы қызметтерінің әртүрлі түрімен айналысады және 2 000-нан астам адам клиенті бар.

Мұндай бизнесті құру идеясы Хосеге достары мен басқа кішкентай балаларды бақылағанда келген. Көптеген балалар мен жасөспірімдер соңғы ақшаларына тәтті тағамдарға, ойыншықтарға және басқа да заттарға жұмсайды. Балалар үшін қаржы мәселесі жабық тақырып. Олар үшін қаржылық және әлеуметтік мәселелерді әрқашан үлкендер шешеді. Ал Хосе кішкентай балалардың ата-анасының көмегінсіз өзі ақша табудың жолын ойлап тапты.

Балалар өздері пайдаланған заттардан қалған қоқыстарды банкке өткізіп, қажетті сома жиналғанда ақшасын алады.  Осылайша, 2012 жылы Хосе тарихи Арекипа қаласында Bartselana атты балалар банкінің негізін қалады. Балалар банктің клиенті бола отырып, кем дегенде 5 келі қайта өңдеуге болатын материалдарды жинап, өткізеді. Мысалы: шыны, пластик, қағаз немесе металл сынықтарын. Қажетті соманы алу үшін айына кем дегенде 1 келі қалдық жинауға міндетті.

7 жасар банкир жергілікті қалдықтарды қайта өңдейтін компаниялармен келісіп, жиналған қалдықтардан көп мөлшерде ақша тапты. Банктің арнайы схемасы бойынша тек банк клиенттері ғана жиналған өз ақшаларын пайдалана алады. Тіпті анасы мен әкесі баланың ақшасын ала алмайды.

Алғашқы жылда 1 тонна әртүрлі қалдықтар жиналған. Жобаның бастапқы табысы айтарлықтай жоғары болды. Ірі банктердің бірі Хосемен келісім шартқа отырды. Осылай банктің қызметі күшейе түсті. Елдің барлық аумағындағы балалар банктің қызметін пайдалана алады. Дегенмен келісімшарт бұзылып, Хосе өзінің бизнесін дербес дамытуды жалғастырды.

 Жыл сайын Bartselana банкі өсіп, жаңа мүшелерді қосылуда. Бүгінгі күні ол 10 және 18 жас аралығындағы 2000-нан астам тұтынушыға ие. Хосе Костори жақын арада тағы бір жергілікті Banco de la Nación банкімен мәміле жасаған. Жас бизнесмен корпоративтік келіссөздерден және басқа компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуден қорықпайды.

 "Мен басқа банктер мен кәсіпорындардың басшыларымен кездесуден қорықпаймын. Шынымды айтсам, ересектермен өзімді ыңғайлы сезінемін, себебі олар мен ұсынатын жобаларды түсінеді", - дейді 13 жасар кәсіпкер.

Ол шетелдіктерге жас кәсіпкерлер туралы фильмдер үшін бірнеше сұхбат беріп, көптеген елдерден түрлі іс-шараларға қатысуға шақырту алады. Бірнеше құрметті марапаттарға ие Хосе Кондори осылай атақты болды.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар