Мекке бүкіл әлемдегі барша мұсылмандардың қасиетті шаһары екеніне қарамастан Мекке туралы біз білмейтін бірнеше фактілер бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1. Бұл қалада аңшылық жасалынбайды. Тіпті бұл қаланың бұтағын сындыру күнә және мұнда жоғалған болмашы затты иемденіп алуға тыйым салынған.
2. Зәмзәм суын ішкен жанның тілегі қабыл болады. Меккеде орналасқан Әл-Харам мешіті аумағында Замзам суы біздің эрамызға дейін 2400 жылы табылған деп саналады. Ол Хайджар мен оның ұлы Исмаилға тиесілі болған. Көп ұзамай, Хайжар мен Исмайл барша мұсылмандарға қасиетті суды ішуге рұқсат еткен.
3. Мекке ешқашан ислам империясының астанасы болмаған. Алайда, мұсылман билеушілері "Мекке мен Мединаның қамқоршылары" деген ресми атаққа ие және қаланы тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырады.
4. Бұл "қажылық" орындалатын жер бетіндегі жалғыз мекен. Меккені саф-саф болып періштелер қорғап тұрады. Тау-тау кешірілместей күнә арқалап, пенде мұнда анасынан жаңа туылған сәбидей пәк болып, үйіне оралады. Меккеге Алла шақырған адам ғана келеді, әрі мұнда келген адам Алланың қонағы болады.
5. Адамның ойы да күнә болып жазылатын жер бетіндегі жалғыз мекен. Бұл жерде миллиондардың күнәсі төгіледі, зағиптың көзі ашылады, мүгедек аяққа тұрады, қиналғанның жолы ашылады. Бұл аймақтағы 1 намаз басқа жақтағы 100,000 намазға тең келеді. Әрі мұнда жасалынған тілектер мен Алланың арасында перде болмайды.
6. Мекке қаласы бұрын "Бакка" деп аталды деген деректер бар. Дегенмен, кейбір ғалымдар "Бакка" деген атау Меккеге емес, жақын маңдағы жерлерге қатысты деп есептейді.
7. Қасиетті Құранда мекке "Умм әл-Құра" деп аталады. Араб тіліндегі Умм әл-Құра атауы "барлық елді мекендердің анасы" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта қала Макка әл-Мукаррама деп аталады. Оның мағынасы "Мекке Құрметті" деп аударылады.
8. Мединаны Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәләм) тұрағы деп атайды, дегенмен Мұхаммед Пайғамбар өмірінің көп бөлігін Меккеде өткізген. Пайғамбарымыз онда шамамен 50 жыл өмір сүрген.
9. Мекке - Алланың ең алғашқы аяты түскен қала және адамзат баласының Адам атадан басталған алтын бесігі. Барша әлем мұсылмандарының жүзі бұрылатын Құбыла осы қалада. Сен бұл қалада Жәннаттан түскен қара тасты сүю бақытына ие боласың.
10. Қара тас Меккеде әрқашан тұрмаған. 930 жылы оны Карматтықтар сектасы ұрлап, Шығыс Арабияға алып барған.
11. Англияның "The Telegraph" газеті Меккедегі «Әл Харам» мешітін әлемдегі ең қымбат ғимарат деп атады. Құрылыстың жалпы құны 100 миллиард долларды құрады.
12. Ең қымбат ғимараттар тізіміндегі екінші орын Меккеде орналасқан Абрух әл-Байт. Сондай-ақ, Abraj Al-Byte ғимараты "Әлемдегі ең үлкен қоңыраулы ғимарат" және "Ең ұзын сағаттық мұнара" деген атақтарды қоса алғанда, басқа да әлемдік рекордтарға ие.
Пікір қалдыру