Сынға ұшыраған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабы үздік жүздіктің қатарына қосылды

/uploads/thumbnail/20250620134738902_big.webp

Тарихшы Арман Қабдешұлы: Қазақ әдебиеті газетінде 100 үздік кітап тізімі жарияланғанын, оның ішінде тізімге енген кейбір кітаптар – ғылыми сүзгіден өтпеген, тарихи жүктемесі ауыр, әдебиет пен ұлт тарихына зиянды болуы мүмкін туындылар бар екенін айтып дабыл қақты. Соның бірі – Қазыбек бек Тауасарұлына телінген «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітап.

Бифат Елтаева

­­ 6 тізімде «Түп Тұқияннан өзіме шейін» кітабы тұр. Бұл жалған кітап. Талай рет жалғандығы әшкереленді де. Жазушылар да, тарихшылар да кітаптың шындыққа жанастпайтынын айтып, әшкерелесе де, ұлттық қазына ретінде 100 кітаптың ішіне қосып отыр. Бұл деген масқара! Сұмдық нәрсе. Бұлай жалғаса берсе, қоғамды ірітіп, болашақ ұрпақты шатастырады. 20 ғасырдың ең жалған кітабы. 92 жылдары 300 мың данамен шыққан. Бұл туралы Қабдеш Жұмаділов «Бір құпияның шежіресі» атты сыни мақаланы жазды. Кітаптың мазмұны мен негізіне келсек, Назарбаевты хан ретінде сайлап, соның билігін негіздеу үшін жазылған кітап дейді.

Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының 18-ғасырда «жазды» делінетін атышулы кітабы сөрелердің төрінде самсап тұрғанын көресіз. Жаңа мұқабада, полиграфиясы жоғары, бетінде «тарихи шежіре» деген анықтамасы бар.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов бұл кітап туралы: «Бұл 18 ғасырдың емес, күні кешегі қолдан жасалған туынды» – деп баға берген. Ол «Бір шежіренің құпиясы» атты мақаласында бұл шығармада келтірілген оқиғалардың тарихи деректермен сәйкессіздігін, тілді, терминдерді, сипаттау машығын саралай келе, «бұл туынды – таза әдеби қиял, әрі рушылдық сипаттағы тапсырыспен жазылған» деген тұжырым жасаған. Расында да, мәтіндегі тіл бүгінгі газеттердің тілін еске түсіреді, ал сипатталған әскери тактика мен оқиғалар қисынсыз. Мәселен, Аңырақай шайқасындағы жекпе-жек он бір күнге созылып, күніне үш қалмақтан өлтіріп отырғандай сипатталады.

Алайда жоғарыда айтылған сыни пікірлерді қазақтың ардақты жазушысы Ғафу Қайырбеков қолдамаған көрінеді. Керісінше, ол «Түп-тұқиян» секілді кітаптар әр жүзден бір-бірден шықса, тарих түгенделер еді» деген пікірін білдірген.

Ал Қабдеш Жұмаділов: «Бұл кітап ел арасына іріткі салып, бүлдіріп жүр. Енді Орта жүз бен Кіші жүзден де осындай “батыр ұрпақтар” шықса, біз үшке бөлінген тарихпен ұлт ретінде жойыламыз» – деп өткір жауап қайырған.

Егер «Түп-тұқияннан өзіме шейін» шынымен 18 ғасырда жазылған болса, неге оның тарихи-сараптамалық сараптамасы жария етілмеді? Ғылым неге үндемейді? Жалған тарихты көркем әдебиетпен бүркемелеу – ұлтты алдау. Мұндай шығарма «100 үздік кітаптың» тізіміне еніп, ұлттың келешек буынына ұсынылса – қазақтың шын тарихы көркем мифтің көлеңкесінде қалып, шын батырлар ұмыт болады, - дейді.

Ал тариихшы Арман Жұмаділов: Бүгінгі оқырман бұл кітаптың жарқыраған мұқабасына емес, ішкі шындығына үңілуге тиіс. Тарих – халықтың жады. Жалған тарих – ұлтқа жасалған рухани шабуыл, – деген пікірін айтты.

Қатысты Мақалалар