NASA адамзаттың Айға қайта оралу жолындағы маңызды қадамдардың бірін жасауға жақын. 2026 жылдың 1 сәуіріне жоспарланған Artemis II миссиясы – соңғы 50 жылдан кейінгі алғашқы басқарылатын Ай сапары болмақ.
Бұл тарихи миссияда төрт ғарышкер Айды айналып ұшып, Жерге қайта оралады. Ұшу шамамен 10 күнге созылады және негізгі мақсат – болашақ Айға қону миссиялары үшін өмірді қамтамасыз ету жүйелерін толық сынақтан өткізу.
Қазіргі уақытта экипаж карантинде, ал зымыран ұшырылымға толық дайын.
Айды зерттеу жарысы қыза түсуде. Алдағы уақытта бірнеше ел мен компаниялар да өз миссияларын іске қоспақ:
Artemis III (NASA)
Адамды Ай бетіне қайта қондыру миссиясы. Бұл жолы астронавтар Айдың оңтүстік полюсіне қонуы мүмкін.
Starship (SpaceX)
SpaceX компаниясының алып кемесі болашақта Artemis III миссиясында Айға қону аппараты ретінде қолданылады.
Chang’e бағдарламасы (Қытай)
CNSA Айға роботтық және кейін басқарылатын миссиялар жіберуді жоспарлап отыр.
Luna миссиялары (Ресей)
Коскосмос Айды зерттеу бағдарламасын қайта жандандыруда.