Балаларды қорғау күніне орай TikTok Орталық Азияелдеріне арналған ақпараттық-білім беру науқанын іске қосты. «Қауіпсіз интернет үшін бірге!» бастамасы цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық туралы хабардарлықты арттырып, салауатты онлайн дағдыларды қалыптастыруға және ата-ана мен жасөспірімдер арасындағы ашық диалогтың маңызын нығайтуға бағытталған.
Пайдаланушылардың, әсіресе кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігі - TikTok үшін басты басымдылықтардың бірі. Сондықтан платформа қауіпсіздік құралдары мен саясаттарын жетілдірумен қатар, аудиторияның цифрлық сауаттылығын арттыруға да ерекше көңіл бөледі. Білім беру науқаны аясында жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі мен отбасылардың онлайн ортадағы өзара жайлы қарым-қатынасы мәселелеріне арналған қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен тілдеріндегі анимациялық бейнероликтер дайындалды.
Білім беру роликтері топтамасында келесі тақырыптар қамтылған:
«Отбасылық параметрлер» ата-аналарға өз аккаунтын жасөспірімнің аккаунтымен байланыстырып, оның құпиялық және цифрлық әл-ауқаты параметрлерін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл құралдың пайдалы мүмкіндіктерінің бірі – экран алдында өткізілетін уақытты шектеу. TikTok-та 13-17 жас аралығындағы пайдаланушылар үшін күніне бір сағаттық лимит орнатылған, алайда ата-аналар бұл шектеуді өзқалауы бойынша өзгерте алады. Сондай-ақ баптаудаұсыныстар лентасына арналған кілтсөздер сүзгісі де қол жетімді, ол контент сипаттамасындағы таңдалған сөздерден тұратын бейнелер көрсетілімін шектеуге көмектеседі. Ата-аналар пікірлерді бақылау құралдарын, оның ішінде жасөспірім жарияланымына жазылатын пікірлерді толығымен өшіру мүмкіндігін де пайдалана алады. Бұған қоса ата-аналар жасөспірім аккаунтының жеке немесе жария болатынын анықтай алады, сондай-ақ бала аккаунты жайлы ақпаратты, мәселен жасөспірім бұғаттап тастаған жазылым, жазылушылар және пайдаланушылар тізімін көре алады. Бұдан бөлек, TikTok «Отбасылық параметрлер» бөлімінде жасөспірімдер үшін барынша жайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға арналған өзге де қауіпсіздік және құпиялық құралдарын ұсынады.
TikTok платформасын 13 жастан асқан пайдаланушылар ғана қолдана алады. Жас талаптарын сақтау – платформаны пайдаланудыңнегізгі шарттарының бірі, сондықтан TikTok рұқсат етілген жастан кіші пайдаланушылар ашқан аккаунттарды анықтау және жою технологиясын тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Сонымен қатар, пайдаланушылар аккаунт иесі 13 жасқа толмаған деп есептесе, оған шағым түсіре алады.
Жасөспірім 13 жасқа толғанда, оның цифрлік әлемі кеңейеді және сенімді түрде қорғалады. TikTok платформа функционалын пайдаланушының жас ерекшеліне қарай бөледі, сондықтан жасөспірімдер аккаунты үшін күшейтілген қауіпсіздік параметрлерімен жоғары құпиялылық деңгейі орнатылған. Мысалы, 16 жасқа толмаған пайдаланушылар жүктеген видеолар ұсыныстар лентасына шықпайды, оларды жүктеп алу мүмкін емес және сол видеолармен дуэтжасауға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар TikTok-та 16 жасқа толмаған барлық пайдаланушылар үшін жеке хабарламалар функциясы өшірілген, бұл бейтаныс адамдармен қажетсіз хат алмасу қаупін болдырмайды.Тікелей эфирге шығу және TikTok LIVE арқылы виртуалды сыйлықтар жіберу тек 18 жасқа толған жасөспірімдерге ғана қол жетімді.
TikTok платформада тіл тигізу мен кемсітуге жол бермейді. Қауымдастық ережелері бойынша көпшілік алдында кемсітуге, келісімсіз жеке ақпараттыжариялауға және пайдаланушыларға зиян келтіруі мүмкін контенттерге тыйым салынады. Видеода пайдаланушыларға аудиториямен өзара қарым-қатынасты бақылауға көмектесетін функциялар туралыайтылады. Мысалы, жағымсыз пікірлерді сүзгілеуфункциясы қосулы болса, пікірлер видеоның астындаавтор мақұлдағаннан кейін ғана көрінеді. Сондай-ақ кибербуллинг немесе платформа ережелерінің бұзылғанына куә болған пайдаланушылар TikTokішіндегі құралдар арқылы құпия түрде шағымдана алады.
TikTok аудиторияға салауатты цифрлық әдеттердіқалыптастыруға көмектесетін функцияларды ұсына алады. Мысалы, 16 жасқа толмаған пайдаланушы сағат 22:00-ден кейін TikTok-қа кіретін болса, платформа үзіліс жасауды ұсынып, ұйқыға дайындалуға арналған тыныс алу жаттығуларын көрсетеді. Ал 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-аналары «Отбасылық параметрлер» арқылы көрсетілген уақытта, мысалы, сабақ оқу немесе ұйқы кезінде қолданбаға кіруді шектейтін белсенді емес уақыт кестесін баптай алады. Сондай-ақ TikTok түнгі уақытта хабарландыруларды автоматты түрде өшіріп, жасөспірімдердің тынығуына қолдау көрсетеді.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігі диалогтан басталады
Жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі – платформаның, ата-аналар мен пайдаланушылардың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан да науқанның басты идеяларының бірі – жасөспірімдердің цифрлық өмірі, онлайн әдеттері мен интернеттегі эмоциялық ахуалы туралы отбасы ішіндегі ашық әрі сенімді диалогмәдениетін дамыту. TikTok цифрлық ортадағы жасөспірімдерді тиімді қолдау тек техникалық шектеулермен емес, отбасындағы сенімге, қамқорлыққа әрі жылы қарым-қатынасқа да негізделгенін атап өтеді.
Платформа ата-аналарға жасөспірімдердің қандай контент қарайтынына, оларды қандай тақырып қызықтыратынына немесе алаңдататынына назар аударуға, сондай-ақ интернетті пайдалану ережелерін бірге талқылауға кеңес береді. Мұндай тәсіл бақылау сезімін қалыптастырмай, жасөспірімдердің цифрлық ортада саналы әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Цифрлық ортаның қарқынды дамуы жағдайында TikTok шығармашылық пен өзін-өзі көрсетуге арналған кеңістік қалыптастырып қана қоймай, пайдаланушылардың интернетте өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады. Осы мақсатта платформа қауіпсіздік құралдарына, цифрлық әл-ауқатқа және білім беру бастамаларын инвестициялауды жалғастыра береді.
TikTok туралы
TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.