Ұлттық тарих: жаңа зерттеулер мен тың тұжырымдар

/uploads/thumbnail/20250326123153825_big.webp

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев IV құрылтайдағы сөзінде ұлттық тарихты жаңа көзқараспен зерттеудің маңыздылығына ерекше тоқталып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, архив деректерін терең зерделеу және ұлттық мұраны ғылыми тұрғыдан қайта қарастыру қажеттілігін атап өтті. Бұл – тарих ғылымы үшін жаңа міндеттерді айқындайтын маңызды бағыт. Қазіргі таңда отандық тарих ғылымы жаңа методологиялық тәсілдерді енгізуді және кешенді зерттеулер жүргізуді талап етеді. Әсіресе, ХХ ғасырдағы саяси өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар, қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сондай-ақ, дәстүрлі басқару институттарының өзгерісі сынды тақырыптар ғылыми ортада терең зерттелуі тиіс. Мұрағат құжаттарын цифрландыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, тарих ғылымын заманауи технологиялармен ұштастыру – осы бағыттағы маңызды қадамдар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихшы ғалымдары Президентіміздің ұсынысына сай ғылыми-практикалық жұмыстар, шаралар ұйымдастыруда. ҚазҰУ (https://farabi.university) тарихшы ғалымдары Мемлекет басшысының бұл бастамаларын қолдай отырып, ұлттық тарихты жаңа көзқараспен зерттеу жас ұрпақтың тарих жады мен отансүйгіштік рухын нығайтып қана қоймай, Қазақстанның тәуелсіздігін бекемдей түсуге де ықпал ететініне сенімді.

         Сонымен қатар, Қазақстанның отарлық кезеңін, қуғын-сүргін жылдарын, саяси репрессияларды, ашаршылықты және басқа да күрделі тарихи кезеңдерді жан-жақты зерделеу мемлекеттің өткеніне шынайы баға беруге мүмкіндік береді. Бұл – болашаққа сенімді қадам жасау үшін қажет тарихи сабақ. Президенттің осы мәселелерді көтеруі – ұлттық бірегейлікті нығайтып, тарихи сананы жаңғырту жолындағы маңызды бастама.

       Ұлттық тарихты жаңа көзқараспен зерттеу жас ұрпақтың тарихи жады мен отансүйгіштік рухын нығайтып қана қоймай, Қазақстанның тәуелсіздігін бекемдей түсуге де ықпал етеді. Еліміздің өткенін объективті түрде зерделеу – мемлекеттің даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болуы тиіс.

        ҚазКСР  тарихы кеңестік коммунистік идеология шеңберінде жазылды, шындық бұрмаланды, тек кеңестік жүйеге тиімді аспекті негізінде қарастырылды. Сол себепті Тәуелсіз Қазақстаның  ақиқат тарихы  әлемдік тарих ғылыми кеңістігіндегі зерттеулерге және елімізге қатысты табылған шетелдік ғалымдардың тың деректері мен отандық ғалымдар, мұрағаттардағы нақты деректерге сүйене отырып қайта зерттеуді қажет етеді.

 Еліміздің өткенін объективті түрде зерделеу – мемлекеттің даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болуы тиіс.

  ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Айша Бегалиева

  ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының  PHD, аға оқытушысы Нұргүл Амангелді

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар