«Ұлттық ойын – халық мұрасы»

/uploads/thumbnail/20250326124634649_big.webp

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Дәстүрлі құндылықтарымыздың бірі және бірегейі – Ұлттық спорт ойындары. Көшпелі қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің қоржынында 150-ге жуық ойындар бар.

Бүгін атаулы күнге орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ әр елден келген қандас тыңдаушыларының арасында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындар сайысы өткізіліп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтары насихатталды.

ХХІ  ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Жастардың денсаулығының мықты болуы спортпен шұғылданудан қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыздың басты себебі де бүгінгі күннің ұйытқысы болып отырған ұлттық ойындар арқылы жас ұрпаққа біліммен қатар денсаулыққа көңіл бөлу мақсатында ұлттық ойындар іс-шарасын өткізіп отырмыз.

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.

Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдайды.

Ұлттық спорт тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорттың қай түрін алсақ та, барлығы денсаулыққа пайдалы.

Осы орайда айтулы мерекені Білім ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ эдвайзер-кураторлары мен тыңдаушылар да дәстүр сабақтастығын өрбітті. Тыңдаушылар асық ату, арқан тартыс, сақина салу, бес тас, қол күрес, гір тасын көтеру және тоғызқұмалақ ойындары арқылы жарысып, бәсекеге түсті.

Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн ЖОО-ға дейінгі дайфндық кафедрасының ОПҚ мен тыңдаушылар арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

оқытушылары Мужигова Г.М., Тилеужанова Г.Т., Саткенова Ж.Б.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар