Сүйінші! Этнограф Болат Бопайұлының "Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып" атты кітабы жарық көрмекші

/uploads/thumbnail/20250303125545374_big.webp

Жуырда елімізге белгілі этнограф Болат Бопайұлының "Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып" атты этнографиялық методикалық энциклопедиясы жарық көреді. 

Бұл энциклопедия қазақтың салт-дәстүрлерін тарихи, этнографиялық, діни және этимологиялық тұрғыдан саралап, олардың мағыналық мәнін айқындайды.

Сонымен қатар, ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған әдістемелік құрал ретінде де құнды.
Әрі еңбек этнографтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттеушілер, ұлттық тәрбиеге ден қойған педагогтар мен ұстаздар, аспиранттар мен студенттер, қазақтың салт-дәстүрлерін үйренгісі келетін жастар мен жалпы оқырман қауымға арналған ел тарихында тұңғын жарық көретін өте құнды еңбек болғалы тұр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар