Жерасты дүмпулері ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 3 наурызда Астана уақытымен 11:05-те тіркелген.
"Эпицентр Алматыдан 122 шақырым оңтүстік-батыста, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Магнитудасы MPV – 4,3", – делінген хабарламада.
ТЖМ Қазақстанда жерасты дүмпулері сезілмегенін мәлімдеді.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Ала-Баш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ала-Баш және Туура-Суу ауылдарында – 2,5 балл.
Пікір қалдыру