Марафон аясында Алматы облысының жастары 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай жыл басынан бері қайрымдылық істе белсенділік танытып жүрген волонтерлерді құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, «Jastar club» волонтерлік топтың қатарына жаңадан қосылған жастарды қабылдау рәсімін өткізді. Қазіргі таңда Алматы облысы көлемінде 2000 нан астам волонтерлер қоғам өміріне белсене атсалысуда.
Айта кетейік, жоба аясында арнайы қайырымдылық күнтізбесі әзірленіп, тақырыптық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі саласына қызығушылықты арттыра отырып, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.
Өткен жылда аталмыш жобаға 50 мыңға жуық адам қатысып, 7 мыңнан астам игі іс жасалған.
Марафонға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жасаған игі іс жайлы ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ақпаратты #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025 хэштегтерімен жариялау қажет.
Қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.
Пікір қалдыру