Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді

/uploads/thumbnail/20250922152917048_big.webp

АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны жеткізілді.

Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің зиратына қойды.

Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты. Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын. Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді», — деп жазды ол. 

Айта кетейік, Қазақ әдебиеті мен тарихын зерттеп, өлмес мұра қалдырған Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында 9 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 11 қаңтарда Parklawn Memorial зиратында өтті. 

Қатысты Мақалалар