Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады?

/uploads/thumbnail/20250922144803442_big.webp

Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды. 

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жекелеген тұлғалар тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Оны бекітетін бұйрық кодекспен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына кіреді:

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
  • зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
  • он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
  • әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар