Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

/uploads/thumbnail/20260604153934293_big.webp Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Медеу биік таулы спорт кешенінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Патриоттық іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәдениет және спорт қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімге жалпы саны бір жарым мыңнан астам адам жиналды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың  концертімен жалғасты.

Сондай-ақ, қаладағы барлық ауданда салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, Мемлекеттік Әнұран жаппай орындалды. Алматы тұрғындары ел Әнұранын саябақтарда, мектептерде және өзге де қоғамдық орындарда орындап, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен ұлттық бірліктің мәнін айқындай түсті.

Мереке аясында қалада тақырыптық конференциялар, жастар челлендждері мен ағартушылық акциялар өткізілді. Арбаттағы ғимараттар мен Алматы қонақ үйі ғимаратының қасбеттеріне мемлекеттік тулар ілінді.

Мерекелік бағдарламаның қорытындысы ретінде Көктөбе аумағында ашық аспан астында (Open Air) концерт өтеді. Оған Қазақстанның танымал өнерпаздары қатысады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар